Сиқырлы шеберхана «Ертегі галереясы»

2017 жылдың 7 сәуірде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде кітап апталығының бесінші күні Сиқырлы шеберхана «Ертегі галереясы» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатына 4-6 сынып оқушылары қатысты.

Бір аптаға созылған балалар кітабы апталығының бүгін қорытынды шарасы өтті. Шарада апталыққа белсене қатысқан балалар мадақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.