Сәндік қолданбалы-өнер элементтері

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 15 тамызында «Сәндік қолданбалы – өнер элементтері»  атты шеберлік сабағы өтті.

Сабақта балалар шамбала жібінен макраме әдісімен білезік  жасады. «Шамбала» Индия тілінен аударғанда «тыным» деген мағынаны береді. «Шамбала» білезігінің өзіндік қасиеті бар, ол жамандықтан қорғайды және табысқа, әл-ауқатқа, сәттілікке әкеледі. Шамбала білезігінің үш  түрі бар: қарапайым классикалық, екі және үш өрімді. Кітапханашы  түйінді өру, моншақ қосып өру әдістерін   түсіндірді. Балалар жұмысқа қызығушылықпен кірісіп кетті. Нәтижесінде заманауи және өте әдемі білезіктер жасалды.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10