Су моншақпен тоқып үйрену
« Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2019 жылдың қыркүйек айында «Шебер қолдар» үйірмесінің «Су моншақпен тоқып үйрену» атты кезекті сабағы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды су моншақтың, бисердің шығу тарихымен таныстыру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге, онымен жұмыс барысында сапасын анықтауды үйрету.
Сабақ барысында оқушылар бисер мен моншақтың тарихымен, түрлерімен танысты. Су моншақтан тұрмысқа қажет тәттілер салатын ыдыс-аяқ жасалды. Тәттілер салатын ыдыс-аяқ алты бөліктен тұрды. Кітапханашы әр бөліктің жасалу жолын, қандай түстерді қолдану керек екенін, бөліктерді бір-біріне жалғастырып тоқу әдістерін түсіндірді.