Тоқыма өнері
2019 жылдың қазан айында балалар кітапханасының «Шебер қолдар» үйірмесінде «Тоқыма өнері» атты шеберлік сағаты өтті. Мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерімен таныстыру; тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу. Әсемдікке, ұқыптылыққа, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Қолмен тоқылған киімдер баяғыдан сәнде және жоғары бағаланады. Ең қымбат заттар ол қолмен тоқылған заттар. Әдемілігі,өзіндік ерекшелігі жағынан қолмен тоқу машинамен тоқудан қалыспайды. Тоқылған заттың сапасы иірімжіптің дұрыс таңдалуына да байланысты болады. Иірімжіп бұйымының арналуына, фасонына,сәніне т.б сәйкес келуі керек. Бүгінде тоқыма сәнге айналған әлемде алуан түрлі иірімжіптер бар.
Сабақ барысында балалар тоқыма тоқудың тарихымен танысты. Тоқыма тоқудың түрлері, жіпті иіру технологиясы жайлы мәлімет тыңдады. Кітапханашылар балаларға алғашқы қатарды бастау жолдарын, оң және теріс шалулардың екі түрлі тәсілін үйретті.