«Гүл - өмірдің сәні»
2020 жылдың ақпан айында балалар кітапханасында «Гүл - өмірдің сәні» атты шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға №1 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: оқушыларға қағаздан гүлдер жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету; ұқыптылыққа, өз орнының тазалығын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу; оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар гүл жайлы білетін мәліметтерін айтты. Кітапханашы гүлдің пайдасы туралы айтып, жұмбақтар жасырды. Содан соң кітапханашы қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, гофра қағазынан топиарий гүлін жасау жолдарын түсіндірді. Бұл бұйымның ерекшелігі-оны қысқа уақыт ішінде кез келген қолда бар материалдарды пайдалана отырып жасауға болатындығы. Нәтижесінде, әдемі композиция шығады. Топиарий пәтерді немесе үйді безендіру үшін пайдалануға болады. Өз қолыңмен жасалған топиарий - жақындар мен достарға керемет сыйлық.