«Ынта –ықыласын білу»

Балалар бөлімінде 2019 жылдың қаңтар –ақпан аралығында  еңбекке, түрлі  бұйымдар жасауға,ой-өрісін,шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып,бар затты ұқсата білуге,сол заттың қадір-қасиетін ұғындырып,күнделікті өмірде қолдана білуге көмектесетін «Шебер қолдар» -шығармашылық үйірмесі өз жұмысын жалғастыру үшін, 6 жас пен 14 жас аралығындағы оқырмандар арасында  «Ынта –ықыласын білу» сауалнамасын жүргізген болатын. Сауалнаманың мақсаты: шығармашылыққа жақын, қолы епті балаларды анықтау.   Оқырманды  шығармашылық жұмысқа тарту арқылы кітап оқуға шақыру және танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлікке баулу.

Сауалнама  жас ерекшеліктеріне қарай  ауызша және жазбаша түрде қаламызда білім орталықтарының  барлығында өткізілді және оқырмандар үйірменің жылдық жоспарымен яғни  ай сайын өткізілетін шеберлік сабақтарының тақырыптарымен танысты. 

20190214_094126 20180403_160511 DSC_0034 20190301_103230 20180403_105952