Шоқтығы биік – Шоқан
2025 жылдың 31 қазан күні балалар кітапханасында ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқтығы биік – Шоқан» тақырыбында әдеби – дилижанс өткізілді. Мақсаты: Шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып оқырмандардың бойында туған еліне, жеріне және халқына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында кітапханашы ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасы туралы мазмұнды да мағыналы қызықты мәліметтер айтып, Шоқанның өмірі мен еңбектері туралы қысқаша деректі фильм көрсетті. «Шоқтығы биік – Шоқан» атты кітап көрмесі қойылып, ғалым Шоқан Уәлиханов туралы викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.



