Шоқтығы биік Шона аға
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімінде 2019 жылдың 5 қазанында жазушы, сатирик Шона Смаханұлының туғанына 95 жыл толуына орай «Шоқтығы биік Шона аға» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға №2 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Ш. Смаханұлының өмірі мен шығармаларымен таныстыру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, жаман әдеттен аулақ болу.
Ер-азамат бойындағы ұлы қасиеттердің бастау-көзі оның елге, ұлтқа, ұлттың рухани құндылықтарына деген ыстық сүйіспеншілігі дер болсақ, халықтың қалың ортасынан шыққан ақын-жазушылар ішінде елді, ұлтты, ұлттың рухани құндылықтарынан дәл Шона Смаханұлындай өліп-өшіп сүйіп, өліп-өшіп қорғаған, өліп-өшіп жырлаған кісі көп емес. Шона Смаханұлы қазақ сатирасының дамуына, болмысты сатиралық пайымдаудың жанрлық түрлерінің баюына зор үлес қосты.
Іс-шара барысында балалар ең алдымен жазушының кітап көрмесімен танысты. Кітапханашылар жазушының өмірбаяны мен еңбек жолына шолу жасап, слайд арқылы кітаптары мен шығармаларымен таныстырды. Оқушылар «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалын рольдерге бөліп, мәнерлеп оқып, кітапханашылардың сұрақтарына жауап берді.