Тарихтан туған рәміздер

2026 жылы 3 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай балалар кітапханасында «Тарихтан туған рәміздер» атты тақырыптық сағат өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы жан-жақты мағлұмат беру, олардың шығу тарихымен таныстыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Іс-шара барысы: кітапханашы қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен маңызы туралы әңгімеледі. Оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының авторларымен танысып, рәміздерде бейнеленген ұлттық құндылықтар мен тәуелсіздіктің нышандары жөнінде ақпарат алды. Шара барысында тақырыпқа байланысты дайындалған кітап көрмесіне шолу жасалып, рәміздер туралы танымдық сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар Отан, тәуелсіздік және мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер тыңдалды.