Сүйікті ертегілер

       2019  жылдың  01 қазан күні  қалалық кітапханада   балаларды кітап оқуға тарту  және қызығушылығын арттыру мақсатында №1 мектеп оқушыларына  саяхат жасалды. Саяхатқа  2Ә, 3Б, 3Г сыныптарынан 66 оқушы қатысты.

         Ең алдымен балалар жаңа кітаптармен танысты: «Ертегілер елінде» атты кітаптар сериясы, энциклопедиялар: «Менің алғашқы энциклопедиям», «Динозаврлар»  ертегілер және әңгімелер «101 далматин»,  «Аюлар қаласы» саяхатты ұнататын балалар үшін таптырмас сыйлық, «Бөбектерге арналған қызықты ертегілер», «Сүйікті, сиқырлы ертегілер», С. Әкірамұлы «Ұқыпты бала»,  «Көңілді көліктер» атты сериялы кітаптар,  сөздік «Ағылшын тілінің алғашқы 1000 сөзі»,   «Кел ертегі тыңдайық» атты музыкалық кітаптар, «Азбукварик» атты музыкалық СD плеер.

       Аса зор құштарлықпен балалар инновациялық сөйлейтін қалам «Даналық әліппесі» кітаптарындағы ертегілерді, күйлерді тыңдады. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарын қызығушылықпен қарап шықты. «Білім орталығында»  балалар «Жақсылық пен жамандық», жануарлар  жайлы мультфильмдер көрді.

20191001_115225 20191001_115649 20191001_115745 20191001_120814 20191001_154119 20191001_160246 20191001_160626 20191001_161015 DSC_0035 DSC_0036 DSC_0040 DSC_0045 DSC_0052 DSC_0058 DSC_0060 DSC_0062 DSC_0069 DSC_0071 My img 7_2