Таза табиғат – халық байлығы

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау  күніне орай  «Таза табиғат-халық байлығы» атты экология сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен өзара үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.

Іс-шараға қаладағы № 1 мектептің жанынан құрылған жаздық тынығу лагерінің оқырмандары қатысты.

Жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттың тылсым тіршілігі туралы сұрақтарға оқырмандар белсене араласып, мақал-мәтел, жұмбақтар шешті.

Шара барысында  оқырмандарға табиғат туралы презентация көрсетіліп,  «Таза табиғат-халық байлығы » атты кітап көрмесімен  танысты.

Көрмеге кітапхана қорындағы табиғатқа байланысты кітаптар, энциклопедиялар, газет-журнал беттеріне шыққан материалдардан қойылды.

20180605_104553 20180605_104649 20180605_105144 20180605_105226 20180605_105453 20180605_105608 20180605_110035 20180605_112818 20180605_113433