Терроризмге жол жоқ

2026 жылдың 3 сәуір күні діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес күніне орай балалар кітапханасы «Терроризмге жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты; жас ұрпаққа терроризмнің қауіптілігін түсіндіру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында қатысушылар терроризм мен экстремизм ұғымдары туралы мәлімет алып, түрлі жағдаяттар бойынша өз пікірлерін білдірді. Қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, күдікті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары талқыланды. Шара соңында оқушылар бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын түсініп, қоғам қауіпсіздігіне бейжай қарамау керектігін ұғынды.