Тіл келбеті- ұлт келбеті

2019 жылдың 4 қыркүйегінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл келбеті – ұлт келбеті» атты тәрбие сағаты өтті.  Іс-шараға № 2 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.

Тәрбие сағатының басты мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

       Тәрбие сағаты  кітапхананың білім орталығында өткізілді. Балаларға ең алдымен кітап көрмесі таныстырылды. Қазақ халқы тілдері күнінің мақсат, міндеттері айқындалып, шығу тарихы жайлы ақпарат айтылды. Оқушылар тіл жайлы өлең жолдарын айтты. Содан соң мақал-мәтелдер сайысы өтті. Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табу барысында белсенділік танытты. «Кім жылдам» ойыны да өте қызықты өтті. Әдебиет, география, ағылшын, тарих пәндеріне қатысты сұрақтар «Викторина» сайысында қойылды. Балалар көптеген сұрақтарға жауап беріп, білімді екендерін дәлелдеді. Тәрбие сағат тиімді, қызықты және пайдалы мағлұматтарға толы болды.

 

 20190904_110223 20190904_110233 20190904_110528 20190904_111342 20190904_111442 20190904_112109 20190904_112134 20190904_112642 20190904_113126 20190904_113250 20190904_114048