Тіл-халықтың жаны
5-қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашылары № 1жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушыларымен «Тіл-халықтың жаны» тақырыбында әңгіме шолу өткізді. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың тіл туралы білімдерін жандандыру және кеңейту, сыйластық қарым-қатынас пен өзара түсіністікке тәрбиелеу;
Іс-шара барысында кітапханашы Ж.Кулмишева тілдер күнін мерекелеу идеясы- әрбір тіл мен мәдениеттің құндылығын мойындау, кез-келген тіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі екенін түсіну, әр ұлттың мәдениеті әлемдік өркениетке баға жетпес үлес болып табылатыны жайлы атап өтті.
Әңгімеге қатысушылар Қазақстанда тұратын халықтардың тілдерімен танысып, әрбір тіл - бұл халықтың жаны мен тарихы, оның өткені, бүгіні мен болашағы деген қорытындыға келді. «Тіл-халықтың жаны» атты кітап көрмесімен танысты.