Тәмпіш қара әңгімесі

2025 жылдың 28 сәуір күні балалар кітапханасында балалар жазушысы С.Сарғасқаевтың 100 жыл толуына орай «Тәмпіш қара әңгімесі» атты әдеби дилижанс өткізілді. № 2 мектеп 7 сынып оқушылары қатысты.
Бұл іс-шарада балалар жазушының өмірбаянымен, шығармаларымен және ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып балалар өз кезегінде жазушы, Сансызбай Сарғасқаевтың шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты қызықтырған сұрақтар қойып, жауаптарын алды. «Тәмпіш қара әңгімесі» туралы өз ойларымен бөлісті.