Толагай акын-Абильда Тажибаев

2024 жылдың 1 ақпан күні балалар кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Ә.Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Толағай ақын-Әбілда Тәжібаев» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты : Әбілда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, кең байтақ Отанымыз туралы жазылған шығармалар арқылы кең байтақ Отанымызың бір кішкене бөлігі- өзіміз өсіп-өніп жатқан Ә.Тәжібаев ауылының, оның осы өңірден шыққанын таныстыра отырып, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.

Іс шара барысында ақынның өмір баяны бейнеролик арқылы көрсетіліп, түсіндірілді. Оқушылармен неше түрлі ойындар ойнатылды және слайд көрсету арқылы сұрақ-жауап өткізілді. Іс шара барысында оқушылармен кері байланыс болды және қойылған сұрақтарға  қанағаттандырарлықтай жауаптар қайтарылды.