Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ- ның  балалар бөлімінде  2018 жылдың 12   желтоқсанында  16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік -  теңдесі жоқ байлығым » тақырыбында тәрбие  сағаты өтті.  Іс-шараға №1 метептің 6 сынып  оқушылары қатысты.

Мақсаты: Мақсаты: балаларды тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.

Іс-шара барысында оқырмандар өздерінің өнерлерін паш етіп, «Тәуелсіздік жайлы» жырдан шашу шашты. Сонымен қатар, экраннан алдын-ала дайындалған тарихи сұрақтар қойылып, оқушылар бар білгендерінше сұрақтарға  жауап беріп отырды. Тәуелсіздік – бұл ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап, сарыла күткен күні. Тәуелсіздік – бұл халқымыздың туған жері үшін ақ найзаның ұшымен, ақ балтаның күшімен аянбай шайқасқан, ерен ерлігінің арқасы. Тәуелсіздік – бұл ата-бабамыздың бізге қалдырған асыл мұрасы, баға жетпес байлығы.

Оқырмандар назарына «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты кітап көрмесі құрылды.

20181204_165039 20181204_170114 IMG-20181210-WA0016 IMG-20181210-WA0020