Тұғыры-Қуатты Армия
Өскелең ұрпақты патриоттық және азаматтық рухында тәрбиелеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 27 жыл толуына орай 2019 жылдың 6 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Тұғыры – Қуатты Армия» тақырыбында патриоттық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу; Аталмыш іс-шараға №1 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы Ф.Канагатова оқушыларға Қазақстан Республикасының Әскери Қарулы күштері, әскери қызметтің ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді. Патриоттық кешті Қазақстан Республикасының Әскері жайлы бейнематериал мен «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» тақырыбында ұйымдастырылған дәстүрлі кітап көрмесі толықтырды.