Қапез Байтабылұлы. Алаш қонған ақбоз үй...

Қапез Байтабылұлы. Алаш қонған ақбоз үй... Шығармалары мен естеліктер жинағы. // Құраст.: Байбол Ә., Біләл Е., Айшижан С. – Алматы: Qұт баласы ҚҚ, 2023. – 264 бет.

Бұл кітапқа ХХ ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматтарының бірі, Алаш қайраткері, ағартушы, әнші Қапез Байтабылұлының шығармалары және оның тұлғасына қатысты архив құжаттары, әр жылдары жазылған естеліктер, ғалымдардың зерттеулері, мақалалары топтастырылған.

Кітап Алаш тарихына ынтызар оқырман қауымға арналған.