Арлы Эмине Атамның тәтті тоқашы

– Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2023. – 68 б.
Бұл кітапта автор атасы мен немересі арасындағы байланысты көрсету арқылы отбасы құндылығын дәріптейді. Самир атасының наубайханасындағы пештен жаңа шыққан зімбір қосылған тоқашын қатты жақсы көреді. Күндердің күні сүйікті тоқашының дәмі өзгергенін байқаған ол, себебін анықтамақ болады. Оған бұл жолда досы Менессе мен ата-анасы көмекке келіп, бар қиындықты бірге еңсереді. Сонымен бірге Самир ұмытшақтық дертіне шалдыққан атасының жанынан табылып, керемет естеліктер сыйлайды.
Бұл – отбасындағы жылулық, қамқорлық пен қолдаудың және достықтың нағыз үлгісін көрсететін туынды.