Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Редакциялық алқа: Өтелбайұлы Ғ., Уатаева Б., Шаймұханбетова А. Қарағанды: «TENGRI Ltd» баспасы, 2025. - 100 б.

Бұл кітап-альбомға Қарағанды облысының жас суретшілерінің Абай

Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» атты облыстық байқауына ұсынған үздік шығармашылық туындылары енгізілген.

Жас қылқалам шеберлері Абайдың бейнесі мен даналық ойларын сурет тілімен өрнектей отырып, өз дүниетанымы мен өнерге деген сүйіспеншілігін көрсете білген.

Кітапта Абайдың таңдаулы өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер де қамтылып, иллюстрациялармен үйлесім тапқан.

Альбом – ұлы ақын мұрасына деген құрмет пен жас ұрпақтың шығармашылық ізденісін айғақтайтын туынды.

Иллюстрациялар тізімі қоса беріледі.