Әбдіқадыров, Қалмақан Қажымұқан: хикаят

Қалмақан Әбдіқадыров. – Астана: Фолиант, 2023. - 288 б.
«Қажымұқан» хикаятында қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестін дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы қызықты, тартымды баяндалған. Бұл – жаратылысынан күшті болған, оған өзінің қайсар мінезі қосылып, үнемі алға ұмтыла бергенінің арқасында әлемге танылып, талай мықтылардың жауырынын жер иіскеткен әйгілі палуан Қажымұқан Мұнайтпасов туралы шығарма. Авторы – Қажымұқанның өз аузынан 23 күн бойы бар оқиғасын арнайы тыңдап, жазып алған қазақтың көрнекті жазушысы Қалмақан Әбдіқадыров.