Біләлұлы Жұмабай Жел шығыстан тұрғанда: Роман

– Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2023. – 356 б.
«Жел шығыстан тұрғанда» - Қытай Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті жазушы Жұмабай Біләлұлының сүйекті романдарының бірі. Шығармаға Қытайда коммунистік үкімет орнағаннан кейінгі тарихи, қоғамдық, әлеуметтік оқиғалар арқау болған. Қиыр шеттегі қазақ ауылына коммунистік жүйенің күштеп орнауы, оңдағы көшпелі қазақтардың Қытай үкіметінің қатаң саяси режиміне еріксіз көндігуі, ұлттың отарлану тарихы жан-жақты әрі қарапайым кейіпкерлердің тағдыры арқылы шынайы суреттелген. Бұл қазақ әдебиетіндегі тың тақырып.
Шығарманың оқиғасы тартысты, мазмұны бай, тілі шұрайлы. Мұнда жазушының өзіне ғана тән сюжет құрауы, ой құрылымы, сөз саптауы анық байқалады.
Роман алғаш рет 2012 жылы «Ж.Біләлұлы шығармалары» (10 том) қатарында жеке кітап болып Үрімжіде басылды. Кейіннен қытай тіліне аударылып, «Ж. Біләлұлының таңдамалы шығармалары» (6 том) санатында жарияланды. Романның қытай тіліндегі аудармасы «Орталық радионың» эфирінен оқылды.
Автордың бұған дейін Қазақстанда «Арулар», «Боз жігіттер», «Дала торғайлары» романдары, «Жеті қарақшы» әңгіме-хикаяттар жинағы жарық көрген.