Бопайұлы, Болат Қазақы түс жору

Болат Бопайұлы. – Астана : Фолиант, 2024. – 84 б. – (Қазақ қазынасы)
Түс – таңғажайып тылсым күш, ғылыми еш түсіндірмесі жоқ феномен. Қазақ халқы адам ұйықтағанда тәні демалса да, рухы өмір сүреді, аян көреді деп сенген. Сондықтан түсті жоруға, мән-мағынасын түсінуге тырысқан. Халқымыздың ырымшылдығы сонша – көрген түсін бөтен адамға жорытпаған, жамандықты болжайтын түс болса, «түс көшіру» салтын орындаған. Бұл кітап түс арқылы болашақты болжауға үйретпейді, қазақтың ежелден келе жатқан түс пен оның мәні туралы таным-түсінігін баяндайды.