Бірімжан Ғазымбек (1896–1938). Келешектің түрленуі
Бірімжан Ғазымбек (1896–1938). Келешектің түрленуі. – өңделіп, толықтырылған 2-басылым. / Құраст.: Д. Иксан. – Алматы: Qұт баласы ҚҚ, 2024. – 360 бет.
Алаш қайраткері, публицист, агроном Ғазымбек Бірімжан – қазақ тарихында орны бөлек ірі тұлға. Оқырман назарына ұсынылған қайраткер-қаламгердің шығармалар жинағына ұлттық маңызы зор жобалары, шығармашылық мұрасы, ғылыми-зерттеу еңбегі, ашаршылық кезіндегі үндеулері, некрологтары және бұрын-соңды жарияланбаған мақалалары, құжаттары, деректері енгізілді. Сонымен қатар, кітапқа Алаш арысының өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы туралы әр жылдары жазылған зерттеулер, естеліктер топтастырылды.
Кітап Алаш тарихына қызығатын оқырман қауымға арналған.