Доспанов Ж.О.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл.
Бұл аз уақыт емес, кезінде ортақ Отанымыз уақытымен түгендей алмағанға - мойынымыз бен ниет, көңілімізді енді ғана бұрып, қолымыз біртіндеп жетіп жатыр. Ұлы Абайдың: “Сен де-бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан” данышпандық өсиеті негізінде - 80 жыл дегенде, қан майданда, одан бұрын, не кейінде қару мен қаламды қатар ұстаған қазақстандық журналистер, әдебиетшілер, ақын-жазушылар туралы анықтамалар түрлі құжаттарға, архивтік материалдарға сүйенумен дайындалып, жазылған.
Олардың сол тұстардағы деректері қысқаша, ықшамдалған күйде алынған. Бұлардың барлығы да майдангерлер, көпшілігі офицерлер, бәрі дерлік марапаттылар, араларында “Алтын Жұлдыздылар”, соған екі мәртеден ұсынылғандар, қаза тапқандар бар.