Дулатұлы М. Бақытсыз Жамал
«Бақытсыз Жамал»-Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман. Романда сол кезеңдегі әлеуметтік мәселе – қазақ ауылының тұрмысы, әйелдердің бас бостандығы, ескі әдеттің қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры шынайы суреттелген.
Кітап жалпы көпшілік оқырманға арналған.