Дүйсенбин П.
Жазушының бұл кітабына түрлі республикалық, халықаралық конкурстарда жүлде иеленген және оқырмандар, сыншылар мен жазушылар тарапынан жоғары баға алған балалар мен жасөспірімдерге арналған ертегілері мен қиял-ғажайып ертегі-хикаяттары топтастырылған. Сонымен бірге жинаққа қаламгердің республикалық “Құлагер” бәйгесінде оза шауып бәйге алған “Ақбоз, Көкжал, Жансая апа және төрт ноян” атты мифтік-фантастикалық хикаяты, халықаралық “Дарабоз” конкурсында Бас бәйге алған, жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні аса зор “Есен-сау жүріңізші, асыл ата” повесі еңгізілген.
Жазушы шығармаларының оқиғалары өте қызықты. Тартысты болғандықтан оқырмандарды еріксіз баурап алады. Тілдік бояуы қанық, айшықты әрі көркем.
Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған.