Еркінбай Ұ. «Әдебиет танытқышқа» кіріспе

Еркінбай Ұ.

«Әдебиет танытқышқа» кіріспе (Қазіргі жаңашыл әдебиеттанулық өлшемдер тұрғысынан) / Ұлан Еркінбай. – Алматы: «Sardar G», 2025 – 128 бет.

Кітапта Ұлт ұстазы, ірі энциклопедист ғалым, қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының – сөз өнерінің теориялық сипаты жөніндегі тұжырымдары талқыланып отыр. 1926 жылы Қызылорда қаласында баспа бетін көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі зерттеуші автор тарапынан ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымындағы басты-басты әдеби-теориялық тұжырымдармен жене қазіргі заманауи зерттеулермен қатар жан-жақты талданады.