Гувер, Колин Бәрі бізбен бітеді

Колин Гувер; [ағылшын тілінен аударылған]. – Алматы: Астана иностранная пресса, 2024 – 416 б.
Лили өзі армандаған өміріне жету үшін аянбай еңбек етті. Ол ұзақ жол жүрді: шағын қаладан кетіп, колледж бітірді. Бостонда жеке бизнесін ашты. Кейін Лили Райлға ғашық болып қалды.
Райл қайсар мінезді, атқанынан қайтпайтын, Лили десе ішкен асын жерге қоятын адам. Ал Лили оны ойынан шығарып тастай алмайды. Райл байыпты қарым-қатынасқа қарсы, көп ұзамай Лили де жағдайдың өзі ойлағандай оңай емес екенін түсіне бастайды.
Лили көп күмән мен күдікке бой алдырады. Алғашқы махаббаты Атлас оның өміріне қайта оралғанда бәрі күрт өзгереді.