Кенжебаев Т. «Шуақ» поэзия.

Ақын Тұрмағанбет Кенжебаевтың шығармашылығы – өмір мен өлімнің, мағына мен мұңның, иман мен парасаттың поэзиядағы үйлесімін іздейтін терең дүние. «Шуақ» атты бұл жаңа жыр жинағында автор адамзатқа ортақ мәңгілік тақырыптарды – өткінші өмірдің мағынасы мен ақыреттің шындығын тереңнен толғайды. Ақынның Құран аяттарынан он қозын, оны өз жырларымен жалғастыруы – қазақ поэзиясындағы сирек әрі жауапты бағытқа бет бұрған батыл қадам.

Жинақта ақынның ішкі рухани ізденісі мен қоғамға, заманға көзқарасы, туған жер мен ел тағдырына деген жанашырлығы ерекше шабытпен көрініс тапқан. Мұң мен ойға, иман мен шындыққа суарылған бұл кітап оқырманды терең ойға жетелеп, Тұрмағанбет ақынның өзіндік қолтаңбасын айқын аңғартады.