Әлімжанов, Баянғали Мейірімді Асқар: ертегі

Баянғали Әлімжанов. – Астана: Фолиант, 2024. – 120 б.: ил. – (Қазақ балалар әдебиеті).
Ақын, жазушы Баянғали Әлімжановтың бұл ертегісі – мейірімділігі мен ақ пейілінің арқасында әлем елдерінің әралуан ертегі кейіпкерлерімен достасып, мәңгілікке ертегілер әлемінде қалатын қазақ баласы Асқар туралы.
Ауылдың мейірімді қариясы Асқар бір таңғажайып оқиғадан соң жас балаға айналып, ертегілер әлеміне өтіп кетеді. Алдар көсемен кездеседі, Алтын балықты құтқарады, Қар ханшайымымен, ақылгөй қаз Аккамен, барон Мюнхгаузенмен дос болады.
Ертегінің «Мейірімді Асқардың жаңа достары» деп аталатын екінші бөлімінде Асқар қазақ ертегілерінің әйгілі кейіпкерлері Таусоғар, Желаяқ, Көлтаусар, Ептімен танысып, кең далада түрлі шытырман оқиғаларды басынан кешіреді.
Ал «Мейірімді Асқар мен момын төлдер» деп аталатын үшінші бөлімде Асқар төрт түлік малдың төлдерін Жезтырнақ пен Жалмауыз кемпірден құтқарады.
«Асқар мен Анаконда» деп аталатын төртінші бөлімде Асқар мен достары Анд таулары мен Амазонкаға сапар шексе, «Галлий мен Геоло» атты бесінші бөлімде Жердің егізі – Галлий ғаламшарына саяхатқа аттанады.