Өмірбекова А. Алма бағы:
«Алма бағы» – жазушы Алмагүл Өмірбекованың жүрек түкпіріндегі ең қымбат естеліктерін, ата мен әженің мейірім шуағына бөленген балалық шағын, әке туралы сағынышын, соғыс жылдарының ащы тағдырларын шынайы жеткізген өмірлік хикаялар жинағы. Автор оқырманды бірде тау етегіндегі қоңыр ауылға, бірде майдан даласына, бірде бала көңілдің мөлдір естеліктеріне жетелеп, өткен мен бүгінді, жеке тағдыр мен ел тарихын өрнектей біледі.
Бұл туынды – тек отбасы шежіресі ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдың қиын да тағдырлы кезеңдерінде өмір сүрген қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, бірлігін, сағынышын, төзімін суреттейтін тағылымды естелік. «Алма бағы» – ұрпақтар сабақтастығы мен жадының мәңгілігін дәріптейтін, жүрекке жылы шуақ сыйлайтын кітап.
Кітап қалың оқырманға арналған.