Нұрдәулет
Нұрдәулет. Қазақстанның көрнекті жазушысы, әдебиеттанушы-ғалым Нұрдәулет Ақыштың шығармашылығы туралы портреттік мақалалар / Құраст.: Жанатгүл Саметова, Әлібек Байбол. – Алматы: ATA Creative Hub баспасы, 2025 ж. – 336 бет.
Кітапқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал жазушы, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Бабиханұлы Ақыштың шығармашылығына қатысты әр жылдары жазылған рецензиялар, портреттік мақалалар топтастырылған. Жинақпен танысып шыққан оқырман қаламгерге қатысты біраз деректерге қанығып, оның шығармашылығы жайында жеткілікті мағлұмат алады.
Бұл ұсынылып отырған еңбек түрлі деңгейдегі ізденушілерге, жалпы әдебиетсүйер қауымға арналған.