Нәжімеденов Ж.

Ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың туғанына - 90 жыл толуына орай Қазақтың әдебиеті өзінің арғы-бергі ұлы кезеңдерінде ұлт мерейін үстем етер, хадқымыздың ойлау, паймдау қабилетінің оарасан кендігі мен ересен тереңдігін танытар жалпы адамзаттық биікке көтеріглен көркем туындылар мен кемел тұлғаларға бай. Аты шартарапқа таралған, ақындық әлемі нұрлы, лирикалық өлеңдердің өршіл жүйрігі Жұмекен Нәжімеденов қайраткерлігімен де, адамгершілігімен де аңызға айналған абыз аталардың бірі.

            Осыған орай Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сан қырлы талант иесі, ақын Жұмекен Нәжімеденовтың “Жұмекен Нәжімеденов. Таңдамалы шығармалары” атты үздік туындыны ұсынып отырмыз. “Жұмекен - Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы”, сондықтан 90 жылдық мерейтойына, артында қалған бүкіл қазақ халқына арнаған туындыны болашақ ұрпаққа “РУХ, АР, ИМАН, СЕРПІН” беретініне кәміл сенеміз.