Озғанбай Ө., Бекмағанбет К. Өтті жылдар - отты жырлар

Өтті жылдар - отты жырлар. / Өмірзақ Озғанбай, Көпболсын Бекмағанбет. – Алматы: «Runa баспасы» ЖШС, 2025. – 424 б.

Кітапта Отан соғысына қатысқан майдагер әкелеріміздің қанды қасапта жүрсе де аузынан әзілі түспей табан астында тауып айтқан тапқыр сөздері мен ұтқыр жауаптары, өткір де өнегелі әзіл-қалжыңдары топтастырылған. Сонымен қатар бұл жинақта сол бір қасіретті жылдардың қас-қағым сәттік езу жиғызарлық оқиғалары мен майдан даласының тыныстіршілігін, ерекше жайттарды, қазақи болмыс пен ұлтымыздың биік өресін көрсететін шағын әңгіме, аңыз-оқиға, өлең-жырлар және аса сирек кездесетін фотосуреттер топтастырылған.