Жаңа кітаптар келді
Мұқағали Мақатаев. Өмір – өзен.
"Қазақтың талантты ақындарының бірі, марқұм Мұқағали Мақатаевтың бұл кітабына оның бұрынғы кітаптарына кірмеген және өмірінің соңғы кезінде жазған жаңа өлеңдері мен толғаулары енгізілді. Ақын Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, жүрегінде суымай кеткен махаббат сезімін, жанын кернеген сағыныш сазын, арман-тілегін, өмірге деген құштарлығын жыр етеді." Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы осындай алғысөзбен жарық көрген екен. Көпшіліктің сұрауы бойынша "Өмір-өзен" оқырмандарына өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.
Мұқағали Мақатаев. Өмірдастан.
"Мұқағали Мақатаев соңғы жылдарда өз үні, өз әуенімен қазақ поэзиясына кеп қосылған белгілі лирик ақындарымыздың бірі. Оның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктігімен оқырман қауымның ілтифатына ие болды. "Өмірдастан" атты бұл кітапқа ақынның өлеңдері мен поэмаларының ең тәуірлері іріктеліп алынды." Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген екен. "Өшеді өлең, немесе көшеді өлең" деп ақынның өзі болжағандай, Мұқағали жырлары уақыт көші алға жылжыған сайын қанатын кеңге жауып, биіктеп барады. Көпшіліктің сұрауы бойынша "Өмірдастан" оқырмандарына еш өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.
Мұқағали Мақатаев. Есіңе мені алғайсың.
Жырларын қазақ жүрты жатқа айтатын ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының шашасына шаң жұқтырмаған жүйрігі, өмірі мен өлеңі біте қайнасқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларының жаңа топтамасына үлкен өнер иесінің сан қатпарлы қарама-қайшылыққа толы ішкі жан дүниесін сипаттайтын көркем дүниелері еніп отыр. Жылдар өткен сайын автордың туындылары саф алтындай жарқырап өзінің өміршеңдігін таныта түскендей. Бұл жинақ қазақтың қара өлеңінің қадірқасиетін бағалай білетін қалың оқырман қауымға жақсы сый болмақ.
Мұқағали. Таңдамалы шығармалар.
Мұқағали Мақатаев - қазақ өлеңінің қадір-қасиетін, көркемдік дәрежесін асқан зор шеберлікпен, қайталанбас даралықпен шырқау биікке көтерген үлкен суреткер, халықтық ақынға айналған тұлға.
Бұл жинаққа ақынның таңдамалы өлеңдері, поэмалары еніп отыр.
Адамзат тарихының шежіресі
Энциклопедиялар көркем суреттермен безендіріліп, қызықты деректер балаларға түсінікті және жеңіл тілде жазылған. Әр энциклопедия балалардың әр нәрсені білуге деген әуесқойлығын қанағаттандырып қана қоймай, табиғат құбылыстарының құпияларын жете түсіндіріп береді. Әлемдегі құбылыстар, жер бетіндегі тіршілік иелері – жануарлар, жәндіктер, ерте заманда тіршілік еткен динозаврлар жайындағы, сондай-ақ жер-жаһанның жаратылыс тарихы, адамзат тарихы мен адамзат жеткен жетістіктер туралы мәліметтер балаларды қызықтыратыны анық.
Кинг Стивен. Дорожная ярость.
"Скорость" - первый опыт соавторства Стивена Кинга и его сына, Джо Хилла, признанного писателя и сценариста комиксов, удостоенного премии Айснера. "Скорость" написана как дань уважения классическому рассказу Ричарда Матесона "Дуэль". В книге "Дорожная ярость" обе эти истории переложены в формат графического романа сценаристом Крисом Райэллом и художниками Нельсоном Дэниелом и Рафой Гарресом.
Джонс Дж., Гиббонс Д. Зеленый фонарь.
Зеленые Фонари — один из самых интересных столпов издательства DC. Но у персонажа была очень яркая история, которая несколько раз значительно меняла героя под реалии своего времени. В этом очерке мы очень кратко пробежимся по истории изумрудного рыцаря от момента создания до момента появления главного сценариста, который создал Зеленого Фонаря таким, каким его полюбила вся планета раз и навсегда — Джеффа Джонса.
Мен және қоршаған әлем.
"Мен және қоршаған әлем" кітабы Сіздің балаңыздың бірінші сыныпқа арналған ауқымды материалдарды игеруіне, оның өмірге және қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді деп үміттенеміз.