Жаңа кітаптар келді

Көліктер сөйлейді

Көліктер сөйлейді

Дауысқа құлақ асайық

«Дауысқа құлақ асайық» топтамасы бойынша жарық көрген кітаптардан балалар қызықты ақпараттар алады. Жануарлар, техника түрлері, аспаптармен жете танысып, олардың үнін тыңдау арқылы бір-бірінен ажыратып үйренеді.

Қазақ өтірік өлеңдері

Жинаққа ауыз әдебиетінің ең көне үлгілерінің бірі – қазақ өтірік өлеңдерінің балаларға лайықты бір топ нұсқалары енгізілді. Ғасырлар бойы ел игілігін көріп келе жатқан бұл туындылар бүгінгі балалардың да қиялын қанаттандырып, ой-өрісін кеңейтуге, тапқырлыққа баулуға мол септігін тигізері анық. 

Жить – поживать – Добра наЖивать

Антология казахских народных сказок.

Әліппе әңгімелері

«Әліппе әңгімелері» кітабында баланы неше түрлі  қызыққа батырып, таңғажайыптарымен  таңғалдыратын қысқа-қысқа әңгіме-ертегілер топтастырылған. Және олардың әрқайсысы әдемі суреттермен безендіріліп, әрбір сөзі буынға бөліп берілген. «Әліппе әңгімелері» - мектеп жасына дейінгі және төменгі сынып жасындағы балаларға арналған аса қызықты кітап.  

Балаларға базарлық

 

Ертегілер әлемінде 

Сиқырлы кітап

Балаларға базарлық

«Ертегілер әлемінде» кітабын қолыңа ал. Бұл кітапта сен періштелермен,перизаттармен, ханшайымдармен, ханзадалармен және су перілерімен, теңіз патшасы – Нептунмен танысасың. Олардың салтанатты кешке қандай дайындықпен баратынын, су перілері қандай ойын ойнайтынын осы сұрақтардың жауабын ғажайып танымдық кітаптың ішінен іздеп таба аласың.  

Балаларға базарлық

 

Теңіз қарақшылары

Сиқырлы кітап

Балаларға базарлық

«Теңіз қарақшылары» кітабын қолыңа ал. Бұл кітапта көптеген ғажайып, қызықты оқиғалар баяндалған. Сен айбынды да көңілді теңіз қарақшыларымен танысасың. Ашылып – жабылатын, жазылатын бөліктері, айналмалы басқару тетігі, жарқыраған асыл тастары  бар бұл ғажайып кітап – саяхатты ұнататын балаларға арналған сыйлық.

Балаларға базарлық

 

Көңілді көжек

Ашылмалы кітапша

Балаларға базарлық

Көжектің достарының қолдарынан келмейтіні жоқ. Олар оқиды, жазады, санай алады. Көжек те өзінің қолынан іс келетінін көрсеткісі келеді. Ертегі ашылмалы кітапшаның әрбір парағындағы ғажайып бейнелер арқылы баяндалады. 

Балаларға базарлық

 

Қызыл телпек

Ашылмалы кітапша

Балаларға базарлық

Қызыл телпек киген кішкене қыз төсек тартып жатқан әжесінің хал-жағдайын сұрауға аттанады. Бірақ әжесінің үйіндегі жағдай басқаша сипат алады. Классикалық ертегі ашылмалы кітапшаның әрбір парағындағы ғажайып бейнелер арқылы баяндалады.

Араның санауды үйренуі

Ара және оның достарымен бірге санауды үйренейік. Кітаптың шетіндегі сандарға назар аудар.

Араның пішіндермен танысуы

Ара және оның достарымен бірге сендер пішіндермен танысатын боласыңдар және онда қызықтар таусылмайды!