Рахат Ә. Аударма пьесалар жинағы
Рахат Ә.
Аударма пьесалар жинағы / Алишер Айтуар (Әлішер Рахат). – Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2025 – 160 бет.
Бұл кітапқа жазушы, драматург, аудармашы Әлішер Рахат орыс тілінен аударған драмалық шығармалар жинақталған. Орыстың классик драматургі – Александр Островскийдің, ТМД елдерінде кеңінен танымал, бірнеше халықаралық драматургия фестивальдерінің, байқауларының жеңімпаздары, жаңа драма өкілдері – Исмаил Иманның (Әзербайджан), Айнұр Кәрімнің (Қазақстан), Дмитрий Богословскийдің (Белоруссия), Ольга Малышеваның (Қазақстан), Нұрайна Сәтпаеваның (Қазақстан), Рашида Стикееваның (Қазақстан) пьесалары бар бұл кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.