Скотт, Мейгрид. Роботтар мен дрондар:

Роботтар мен дрондар 20-шы ғасырдың жаңалығы емес, олардың тарихы әлдеқашан да тереңде жатыр. Жапониядағы «каракури-нингё», әйгілі әл-Джазазаридің автоматтандырылған сұбұрқағы мен заманауи сағатты олар туралы түсініктің өте ерте заманда қалыптасқанына дәлел бола алады.

Жас оқырман, қолыңдағы қызықты иллюстрациялармен безендірілген комикс-кітап сені робототехника тарихымен, робот құрастыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдармен таныстырады. Ал «Ең қызықты роботтар залы» бөлімінде әлемдегі ең танымал 15 роботтың тізімі берілген. Бұл кітап саған роботтарды жетілдірілген құралдардан ажыратуды үйретіп қана қоймай, өз роботыңды құрастыруға көмектеседі.