Сәмитұлы Ж.: Тәкіман батыр

Жақсылық Сәмитұлы : Тарихи роман. – Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2024.
Бұл кітапта Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағына қарасты Жәйір тауында дүниеге келіп, Еренқабырға өңірінде өмір сүрген Тәкіман батыр туралы сөз болады. 1944-1949 жылдар арасындағы Шыңжаңдағы аласапыран жағдай, Шығыс Түркістан Ислам Республикасының құрылуы мен таратылу себептері тарихи деректер негізінде жан- жақты айтылады. Жергілікті қазақтардың Гоминдаң үкіметімен орнауы, ақыры, елдің Еренқабырға деген тарихи мекенін амалсыз тастап Қаратау маңына, бұдан ары Гималай асып шетелге көшу себептері (әуелі Пәкістан, одан соң Түркія) қилы-қилы оқиғалар арқылы кеңінен баяндалады. Сонымен бірге Тәкіман батырдың ерлік істері, туыстары мен бала-шағасы туралы бұрын айтылмаған тың деректер келтіріледі. Сондай-ақ тарихи романда тағдыры өзгеше кейіпкерлер арқылы сол кездегі тұтас Шыңжаңның саяси, әлеуметтік жағдайы нақты суреттеледі. Мұнда сол дәуірге қатысты қызықты деректер молынан қамтылған.