Тоқаш
Тоқаш. Қазақстанның көрнекті ақыны, жазушы, майдангер Тоқаш Бердияровтың азаматтық-қаламгерлік болмысы туралы естеліктер / Құраст.: Болат Шарахымбай. – Алматы: ATA Creative Hub баспасы, 2025. – 216 бет.
Бұл кітапта қазақ балалар әдебиетінің классигі, көрнекті ақын, аудармашы Тоқаш Бердияровтың азаматтық-шығармашылық болмысына қатысты М.Әуезов, Р.Бердібаев, М.Байтұр, Т.Медетбек, Қ.Сәрсекев, Е.Раушанов т.б. секілді сөз шеберлерінің естеліктері мен зерттеулері топтастырылған.
Көзі тірісінде-ақ «тосын Тоқаш» атанған азамат-ақынның шығармалары мен күтпеген жерден басталып, күтпеген жерден аяқталатын мінез ерекшелігі жайлы сыр шертетін бұл еңбек оқырманның сүйіп оқитын кітабына айналады деп ойлаймыз.