Волков Александр Жасыл қала сиқыршысы

– Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2024. – 248 б.

Кейде ойламаған жерден беймәлім әлемге, белгісіз мекенге тап болуыңыз мүмкін. Александр Волковтың «Жасыл қала сиқыршысы» ертегісіндегі кішкентай Элли мен сүйікімді күшігі Тотошканы да долы дауыл бір-ақ сәтте сиқырлы қалаға әкеледі. Ойда жоқта ғажайып жерге жел айдап келген Элли басынан түрлі қызықты да қорқынышты оқиғаларды өткереді. Адал дос табады, зұлымдықты жеңеді, мейірім үшін, әділдік үшін күреседі. Үйге оралу деген ізгі арманының жолында талай сынақпен бетпе-бет келіп, батыл достарының арқасында Жасыл қаладағы ұлы сиқыршы Гудвинге де жетеді. Ал түрлі қиындықты еңсеріп келген достардың тілегін ұлы сиқыршы орындай алды ма?

Зұлымдықты тек мейірім жеңетінін дәлелдейтін, батылдық пен достық, адалдық пен сенімді жырлайтын бұл шығарма қазақ тіліне алғаш рет аударылып отыр.