Яшүкірқызы Ө. Су астындағы сұмдық.

Поэзиялық, прозалық және сатиралық бірнеше кітаптардың авторы, елімізге белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жазушысы Өріс Әуелқырқызұлы 2019 жылы мемлекеттік бағдарламамен жарық көрген «Жіп тузақ» атты әйелдер қолымен жасалған қылмыстар туралы детективті жинағы көпшіліктің кең қолдауына ие болды. Республика кітапханаларына таралған бұл кітаптың жазбаша және электрондық нұсқасы ең көп оқылған кітап деп танылды.

«Су астындағы сұмдық» атты бұл жинақ қазақ әйелдерінің қылмыстары туралы детективті жанрда жазылған екінші кітап. Кітап «Ашылмаған қылмыстар» және «Ашылған қылмыстар» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Әйелдер жасаған қылмыстық істер негізі әдеби өмірде нақты болған оқиғалар. Автор мұны көркемдеп, әдеби образдар желісімен шынайы суреттеп ұсынып отыр. Байлық пен мансапқорлықтың, билікке құмартудың, қызғаныш пен көре алмаушылықтың, отбасылық, тұрмыстық қатыгездіктің, түп негізі қайда соғарын оқырманның өз талдауына қалдырады. Түрлі сипаттағы кісі өлімдері оқушысын бей-жай қалдырмайды.

Кітап детектив сүйер қауымға, жалпы оқырмандарға арналған.