Жақан Жұпар Чипси мен шибауырсақ: шығармалар жинағы.

– Қарағанды: «Тенгри» баспасы, 2024 ж. – 104 б.
«Чипси мен шибауырсақ» жинағына соңғы кезде балалар тақырыбына қалам тартып жүрген Жұпар Жақанның бір топ шығармасы топтастырылған.
Бұл жинақты күнделікті өмірде кездесетін оқиғалар мен табиғат құбылыстарын мысал әңгімеге арқау еткен автордың жас ұрпақ бойында адами құндылықты қалыптастыруға қосқан үлесі ретінде қабылдаған жөн. Тақырыбы сан алуан мысалдар ықшамдығымен әрі тартымдылығымен оқырманды бірден өзіне баурап алады. Автор образды түрде алынған кейіпкерлері арқылы қоғамда кездесетін келеңсіздіктерді мысал арқылы әшкерелеп, содан қорытынды шығаруға шақырады.
Жинақ баланың тілін дамытып, ойлау өрісін кеңейтемін, кітап оқуға қызығушылығын арттырамын дейтін ата-аналарға, балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдеріне, мысал жанрын ұнатып оқитын көпшілік қауымға арналады.