Жақиянова А.Ж. Бәсіре-жыр:

Бәсіре-жыр: Балаларға арналған өлеңдер мен поэма / Алтыншаш Жұманқызы Жақиянова. — Алматы: ЖҚ «Тарпанбаева А.Ш.», 2025. — 288 бет.

 «Бәсіре-жыр» – ақынның балаларға арналған екінші кітабы. Кітап өлеңдер мен поэмадан тұрады. Балаларға арнап қалам тартатын ақындардың арқалайтын жүгі ауыр. Оны балалар тақырыбын еншілеген ақындардың аздығынан аңғаруға болады. Бұл кітаптың авторы сол санаулылардың санатынан.

Ақын бала психологиясының қыр-сырын ашуға құрылған өлеңдері мен немерелеріне арналған аналық, әжелік көңілінен шыққан жырларын да топтастырыпты. Жасы оқырманның түсінігіне бейімделіп жазылған тәрбиелік мәні бар өлеңдері тілге жеңіл, ойға қонымды.

Жинақ «Ақылды боп өсейік», «Аппағым», «Мен қазақтың ұланымын», «Тал бесік», «Қанатың талмасын», «Аудармалар» және «Бәсіре-жыр» деп аталатын жеті бөлімнен тұрады. Әр бөлімге жүйеленген шығармалар белгілі бір тақырыпқа топтастырылған, бала жүрегіне жол тауып, ойына ой қосатын дүниелер.