Жанысбай Сүйіндік Әлемге әйгілі Әлихан. (Әлихан Бөкейханов туралы деректі кітап).

– Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2023. – 239 б.
Жазушы Сүйіндік Жанысбайдың бұл кітабы қазақтың біртуар ұлы, Алаш көсемі, сан қырлы талант иесі болған, халқымыз қадірлеген, туғанына 150 жыл толуы 2016 жылы ЮНЕСКО тарапынан аталып өтілген Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейханның бейнетке толы өмір жолын оқырман қауымға жеткізуді мақсат тұтады. Қайраткердің өмірі мен қызметі туралы көптеген деректі оқиғаларға толы бұл кітаптың оқырман жүрегіне жылы жол табары сөзсіз.