Жиенбай, Қуаныш Күн түспейтін терезе: әңгімелер жинағы

Қуаныш Жиенбай. – Астана: Фолиант, 2024. – 352 бет.

          Жазушы Қуаныш Жиенбайдың бұл жинағына енген әңгімелерінің дені таза теңіз тақырыбына арналған. Жағалаудағы жерлестерінің сан қилы тағдыры, олардың қайсар мінезі және арпалысқа толы сезімдері аса дәлдікпен суреттелген. Автор шағын әңгімелері арқылы-ақ адам психологиясын ашуға толықтай мүкіндік барын дәлелдеп, ешкімге ұқсамайтын өз қолтаңбасын анық аңғартады. Кезінде мерзімді басылымдарда жарияланып, оқырман қауымнан жоғары бағасын алған «Қашқын», «Өгей», «Елден жолданған жеделхат», «Ұры», «Күн түспейтін терезе», «Әкім кетіп қалды» секілді әңгімелеріндегі тың ой, тосын шешімдер ешкімді де бейжай қалдырмайды.

          Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.