«В человеке все должно быть прекрасно...»
2020 жылдың 29 қаңтар күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында атақты орыс жазушысы, драматург Антон Павлович Чеховтың туғанына 160 жыл толуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында
«В человеке все должно быть прекрасно...» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандардың назарын ұлы жазушы және драматург А. П. Чеховтың өмірі мен шығармашылығына аудару, жазушының әңгіме тақырыптарының жанрлық әртүрлілігін көрсету, оның шығармаларын оқуға қызықтыру;
А.П.Чехов- орыс жазушысы, әлем әдебиетінің әйгілі классигі. Әлемге әйгілі драматург. Шығармалары 100 халықтардың тілдеріне аударылған. Әлем театрларының сахналарында оның «Шұғыла», «Үш апалы-сіңілі» және «Шие саябақ» пьесалары 100 жылдай қойылып келе жатыр. Сондай-ақ көрмеден жазушының кітаптарын, газет- журналда жарияланған мақалаларды, жазушының өмірбаянына қатысты материалдарды және құнды ақпараттармен танысуға болады.