Қыран қанатты ақын

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімі қазан айының 26 жұлдызында №1 қазақ орта мектебінің кітапханасымен бірлесе отырып,  ақын,  ағартушы  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  туғанына 125 жыл толуына орай «Қыран қанатты ақын» атты танымдық сағат өткізді. Шараға аталмыш мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:  Қазақтың көрнекті ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өмірі және шығармашылығымен  танысу, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау,оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу.

Ұлт үшін күрескен қайраткер - Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлттық идеяның жыршысы.  Торайғыров шығармалары – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес.

Мектеп кітапханашысы Абжанова Зинаида Рамазанқызы оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, мазмұнды деректерге қанықтырды. 7 сынып оқушылары  Нұрпейіс Еркебұлан, Қырғызманапова Айгерім, Шабден Әлихан, Исатай Ханшайым, Жақсыбаев Бекзат, Байназар Назгүл, Қанағат Аяулым С.Торайғыровтың «Оқу», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Оқып жүрген жастарға», «Бір адамға» сынды өлеңдері мен поэмаларынан үзінді оқыды. Оқырмандар назарына «Секілді өмір қысқа,жарты тұтам» атты кітап көрмесі үйымдастырылды.

31deabbc-00f2-4378-9b04-ee8fc01f845a 45da5b14-2fc4-454d-9ec1-14ab9783a049 83f1c3a4-8c2e-49e6-b161-0a263f5a2e5f 210ba59f-dea4-4769-93d4-d95347fc86d5 559b8477-b271-4324-aede-8a8bdcac47c2 ae0e96b1-7793-47a2-b9ad-03d64f5bb88b bfc75520-2a2b-4de9-b82e-fa1774a2a157